Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласының еріктілері дәрігерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыға 100-ге жуық азық-түлік себеттерін үлестірді.

«Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мамандары, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері, ерікті Зарина Жиенбаева, «Қазақстан темір жолы жастары бірлестігі» белсенділері ат салысты.

Жобаның негізгі мақсаты – індетпен күресте өмірін қауіпке төндіре отыра жұмыс жасап жүрген ақ халаттыларға алғыс білдіру және мұқтаж жандарға көмек көрсету болды.

Айта өту керек, бұған дейін де шымкенттік ерікті жастар «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясын өткізген. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 100-ден астам денсаулық себетін дайындап таратты. Себетке азық-түлік, иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы жанынан «Shymkent volunteer» ұйымының еріктілері және Қазақстан темір жолы жастары бірігіп қаламыздағы медицина қызметкерлері үшін ас қорапшаларын таратқан болатын.

Аталған игі шара әлі де өз жалғасатын табатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БРИФИНГТЕ ҚАРАТАУ АУДАНЫ

azatmedia

Леңгір қаласының ажары арта түсті

azatmedia

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округінде кәсіпкерлік сала қарқын алған

azatmedia

Пікір қалдыру