Ордабасы ауданы әкімінің бастамасымен, өткенге құрмет көрсету ісшараларының бірі өтті. Аудан жастары Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Спатаевтың қызы Нағима Қарсыбайқызымен кездесті. Кездесу барысында әжей жастарға балалық шағы мен өмірінің өнегелі сәттерінен үзінді айтып берді. Қарсыбай Спатаевтің інісі соғыс ардагері Тлеубай атамыздың ұлы Берік те кездесуге келіп, тарихқа шолу жасады. Атасының ерлігі туралы айтып және де Сталинградқа барған сапарында жергілікті тұрғындар жақсы көңіл күймен қарсы алып, атасына деген құрметтің жоғары екенін жастарға жеткізді. Аудан жастары өздерінің өлең шумақтарын айтып, әжемізге ұзақ ғұмыр тіледі. Батыр атамыз жайлы айтатын болсақ Сталинград шайқасында жаудың 36 танкісімен жеке-дара шайқасқа түсіп, ең соңғы минаны жалғыз танкіге жұмсап, өзі де сонда қаза болады. Сталинград шайқасында Сыпатаев асқан ерлік пен батырлық көрсетті. «Красный герой» ұжымшарының маңында болған ұрыста жаудың бір взводқа жуық жаяу әскерін жойып жіберді. Шарнумовский елді мекені түбінде Сыпатаевтың миномет расчеті 36 танкімен айкасқа түсті. Техника жағынан басым жау қорғаныс шебін бұзуға ұмтылды. Шайқас барысында қасындағы миномет расчеттері істен шығып, Сыпатаев қолында қалған жалғыз минасымен танкінің астына құлады. Кездесу соңында Нағима Қарсыбайқызы жастарға өзінің ақ батасын берді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық