Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында қала аумағындағы 2180 көпқабатты тұрғын үйдің кіре берістеріне, лифтілеріне арнайы дайындалған ақпараттық парақшалар орналастырылуда. Бұл бағыттағы іс-шараларға қаланың еріктілері де өз үлестерін қосып, атсалысып отыр.
Осы мақсатта қаланың басты көшелерінде «Бетперде тағыңыз!», «Жақыныңа жанашыр бол!», «Қашықтықты сақтаңыз», «Тазалық қол жуудан басталады» тақырыптарындағы баннерлер ілінді. Қаладағы қоғамдық көліктердің ішкі-сыртқы беттеріне де індеттен сақтану әдістері туралы әзірленген инфографикалар ілінді.
Сондай-ақ, қала тұрғындарына «Қашықтықты сақтаңыз», «Бетперде тағыңыз» және «Қолды жуып жүріңіз» тақырыптарында түрлі-түсті шарлар таратылуда.
Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Атап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.