Соңғы жаңалықтар

Шымкентте карта да, ақша да, сәулетші де жоқ…

Шымкентте сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azatmedia.kz

Бүгін бұл «мырзаның» қомақты сома – 498 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы бас сәулетшінің қаланың жаңа топографиялық картасын жасауға жауапты екенін түсіндірді. Бұл жоба, қала құрылысын дамытуда стратегиялық маңызға ие міндет болып табылады.

Осы орайда, шенеунік пайда табуды ұйғарып, мердігермен келіскен деген күдік туындауда. Күдіктіге мемлекеттік сатып алу туралы келісімге сәйкес, мердігермен өзара мәмілеге келген деген айып тағылуда.

Қазір Шымкентте жаңа карта да, оны жасауға ақша да, бас сәулетші де жоқ.

Қатысты жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ ӘР ТҮРЛІ САНАТТАРҒА СӘЙКЕС 1153 АДАМҒА ЖЫЛЖЫДЫ

azatmedia

Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

azatmedia

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

azatmedia

Пікір қалдыру