Түркістан облысының Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінің көшелері жарықтандырылмақ, деп хабарлайды Azatmedia.kz.
Алпамыс ауылдық округінің көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізу мақсатында Қауыншы елді мекенінің жалпы ұзындығы 850 метрді құрайтын Б.Майлин көшесіне және 3150 метрді құрайтын Көктің ұлы көшесіне жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүруде. Аталған жоба құны 41 миллион теңгені құрап отыр.
Ал, Ақжол елді мекеніндегі Жібек жолы көшесінің 1500 метр, С.Қожанов көшесінің 560 метр, Абай көшесінің 234 метр, Бөгенбай көшесінің 520 метрді құрайтын аумағына жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш нысан құрылысын 2020 жылдың аяғына дейін аяқтап, тұрғындардың игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, ауылдық округінің қалған көшелерінің жарықтандыру жұмыстарын 2023 жылға дейін толықтай беру жоспарланып отыр. Яғни, жоспарлы жұмыстар толығымен жүзеге асқан жағдайда, ауылдық округ тұрғындарының түйткілді мәселесі оң шешімін таппақ.