Соңғы жаңалықтар

Айгүл Иманбаеваның «екінші күйеуі» кім?

Желіде желдей ескен «Айгүл тұрмысқа шықты» деген әңгімеге әншінің өзі түсініктеме берді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратық порталы.

Әнші инстаграм парақшасында аталған әңгіменің қаңқу сөз екенін жазған. Ал суреттегі сері Бағлан Иманғазинов – Айгүл Иманбаеваның курстасы болып шықты.

«Мен өзімнің жеке өмірімді ешқашан әлеуметтік желіде бөліскен емеспін, бөліспеймінде. Себебі ол жеке өмір. Ал соны әрі қарай үлкен әңгімеге ұластырып әкетіп, ешнәрсеге нақты көзі жетпей, анық-қанығын білмей жалған ақпарат таратқан сары басылымның журналистер қауымы» деп әнші өз ренішін де білдірді.

Әншінің бұл жазбасынан кейін желі қолданушыларының пікірі қақ бөлінді. Бірі Айгүл Иманбаеваны жақтап, бақыт тілесе, енді бірі бұл қаңқу әңгіменің тарауына әншінің өзін кінәлап жатыр.

Қатысты жаңалықтар

Australia’s CBA to Sell Life Insurance Unit to AIA for $3.1bn

azatmedia

МАЛЕНЬКИМ ПОСЕТИТЕЛЯМ УЧАСТКОВ ДАРЯТ ПОДАРКИ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛҒАН 600 АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН АШТЫ

azatmedia

Пікір қалдыру