Соңғы жаңалықтар

Шаруалар судан қысылмайды

Қазіргі уақытта ел экономикасының негізгі бағыты болып есептелетін ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттің бас мақсаттарының бірі, деп хабарлайды Azatmedia.kz. Осы орайда «Ауыл шаруашылығын қолдау» қоры Түркістан облысы Келес ауданындағы шаруа қожалықтарына 100 метрлік құдық қазып, сумен қамтамасыз етіп жатыр. Атап айтсақ, Келес ауданында 87 шаруа қожалығы болса, бүгінде соның қырығына 5 миллион теңгеден қаржы бөлініп, 100 метрлік құдық қазылған. Соның бірі Бозай ауылдық округіне қарасты «Раяна» шаруа қожалығы.

«Бұрын қожалық елдімекеннен шалғай әрі қырда болғасын судан қысылатын едік. Қазір мемлекет тарапынан құдық қазылып, жұмысымызға тиімді болып отыр. Оған қоса су сорғысын да, генераторын да қосып, орнатып берді. Бұл біз секілді шаруаларға да көңіл бөліне бастағанының айқын көрінісі», – дейді шаруа қожалығының иесі Якубов Ниязбек.

Айта кетсек, шаруа бұл жерде 500 қой бағады, тиісінше жаңа құдықтың арқасында малды суару мәселесі түбегейлі шешілген екен.

Қатысты жаңалықтар

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

azatmedia

МАҚСАТЫ БИІК МАҚСАТ

azatmedia

Қажымұқан ауылы

azatmedia

Пікір қалдыру