Соңғы жаңалықтар

Келеске көгілдір отын тартылады

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округі 2021 жылы толық көгілдір отынымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Azatmedia.kz.


Бүгінгі таңда ауылдық округі бойынша 13 елді мекен бар ал 4 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 9 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен қаржы қарастырылған. Аталмыш құрылыс жұмыстарын «Ынтымақ-Бесарыс» ЖШС мелекеттік тапсырысты ұтып алып, қазір де құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ал, көлдір отынның ішкі жүйе жұмыстарын жүргізу үшін Алғабас, Аманжар және Мақташы, Қарабура, Жаңақоныс, Бесауыл, Жамбыл, Бәйтерек ендігі кезекте Ұшқын елді мекендеріне жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізілген.

Осыған байланысты облыстық энергетика басқармасынамен құны 911 669 мың.теңге қаржы көзін қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен 190 отбасыға қауіпсіздік шараларын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында газ анализаторлары тегін таратылып, орнатылып берілді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

Apple Pay Coming to Nearly 1700 ALDI Grocery Stores Across United States

azatmedia

Жаңа мектеп құрылысы басталды

azatmedia

Пікір қалдыру