Соңғы жаңалықтар

Мектептер ғаламтормен толық қамтамасыз етілді

Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округтің жаңа оқу жылына пысықтау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды azatmedia.kz.


Жалпы ауылдық округ бойынша 7 орта мектеп, 2 негізгі мектеп бар. Оның ішінде жалпы оқушылар саны 4663 болса, оның 246 оқушы мектеп бітіріп отыр. Түлектердің 190-ы ҰБТ тапсырды.


«Шілде айының 28 күні мұғалімдерің жартысы жұмысқа шықты. Осы мұғалімдер арасында мобильдік топ құрылып, оқушылардың қашықтықтан оқу мүмкіндіктерін анықтайтын боламыз. Тұрмысы төмен отбасындағы оқушыларға өзіміздің баланста тұрған компьютерлерді беруді қарастыратын боламыз. Және де мектеп ішінен қамқоршылық кеңесі мен кәсіпкерлермен кездесе отырып, тұрмысы төмен оқушыларға жәрдем көрсету мәселелерін қарастыратын боламыз»,- дейді №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары Бауыржан Жұмабеков.

Сондай-ақ мектеп директоры орынбасарының айтуынша, мектеп интернетпен толық қамтамасыз етілген. Мектепте жалпы 40-тан астам компьютер жұмыс істеп тұр.


Айта кетейік, ауылдық округ көлемінде 12 балбақша жұмыс істейді. Оның ішінде 2 балабашқа мемлекеттің қарамағына қараса, 10 балабақша жекенің меншігінде. Онда 1232 бала тәрбиеленуде.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БЕС АЙДА 32 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру