Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: Дәрігерлердің жұмысы күшейтілуде

AzatMedia.kz. Түркістан облысында қазір 400-ге жуық дәрігер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері күнделікті қауіп-қатердің ортасында адам өміріне араша түсіп, коронавирус індетімен күресуде.

Науқастарға тәулік бойы медициналық ем көрсетіп жүрген Жетісай аудандық инфекциялық госпитальінің меңгерушісі Замира Ташимова әріптестерінің аяқтан тік тұрып еңбек етіп жүргенін, көмекке қосымша дәрігерлер жұмылдырылып жатқандығын айтады. инфекционист-дәрігердің 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

«Тәулік бойы ауруханада коронавируске шалдыққан науқастарды қолымыздан келгенше емдеуге тырысудамыз. Әрине, ол азаматтардың қиналғандарын көргенде өзіміздің де жүрегіміз ауырады. Бірақ, қиын сәтте барынша бекем болып, табандылық көрсетуіміз қажет екенін түсінеміз. Жетісай аудандық инфекциялық госпиталінде керектінің барлығы бар. Өз тарапымыздан да барлық сақтық шараларын қадағалаудамыз. 14 күн сайын тексеріліп, коронавирус індетіне сынама тапсырамыз» дейді Замира Ілиясқызы.

Ал, Түркістан қалалық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің карантиндік режимде жұмыс істеп жатқан дәрігерлері өз тараптарынан халыққа арнаған кеңестеріне түсіністікпен қарауға шақырады.
«Ел амандығы үшін үйде қалып, сақтық шараларын қадағалау қажет. Өңірге қауіпті аймақтардан келген азаматтар жергілікті емханаға хабарласып, 14 күндік карантинде болулары тиіс. Қазіргідей қиын сәтте мыңдаған адамның қауіпсіздігі бір адамның жауапкершілігіне байланысты болған күйге түстік. Сол себепті әр азаматпен жеке түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз» дейді екі аптадан бері үй бетін көрмеген Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс инфекционист-дәрігері Замира Джурабекова. Дәрігер күні-түні провизорлық стационарда қызметте. Отбасымен қайта қауышатын күнді армандайды. Үйде жолдасы мен 2 ұл, 1 қызы күтіп отыр. Кішкентайының жасы небәрі 7-де. Өз өмірлерін қатерге тіккен осындай дәрігерлердің еңбегі ерен.

Жалпы, облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды жатқызу үшін 150 төсек-орын жасақталған. Осынау індетке ұқсас белгілері бар науқастарды жатқызып, диагноздарын анықтау мақсатында 510 төсек-орынға провизорлық госпитальдар қарастырылған. Одан бөлек барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімшелері дайын. Қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін облыс аумағында 955 төсек-орынға арналған карантиндік орталықтар ашылған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру