Санатталмаған

42500 теңге кімдерге тағайындалады?

AzatMedia.kz. Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде табыстың жоғалуына байланысты жәрдемақы алу үшін 1400-ге жуық азаматтан өтініш түскен.

Оның 88-і жұмыс беруші, 538-і жұмысшылар. Жалпы түскен өтініштердің 484-і Мемлекеттік корпорацияға жіберілді, ал 794 өтініш кері қайтарылған.
Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан белсенді режимде 6321 адамға жәрдемақы тағайындалды. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлығы 6530 өтініш берушіге әлеуметтік төлем тағайындалып отыр.

Әлеуметтік төлем алу үшін азаматтар өз өтініштерін Электрондық үкімет порталы, TelegramBotKz2.0 қосымшасы, «Enbek.kz» сайты арқылы және «ERG» электрондық жүйелерінің көмегімен бере алады.
Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем белгілі санаттағы азаматтарға беріледі. Атап айтқанда, олардың қатарына жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың жұмыскерлері, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпорынның жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлері, жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, келісім-шарт негізінде қызмет көрсететін, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар, мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер жатады.

Заң талаптарына сәйкес БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бірде бір ай өтілі жоқ азаматтарға, өтініш берген күніне дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бірде бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілерге, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бірде бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға әлеуметтік төлем тағайындалмайды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру