Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

AzatMedia. Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен медициналық мекемелердің жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін 58 мобильді топ құрылған болатын. Бұгінде олардың саны 197-ге жетті. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Шымкент қаласындағы емханалар жанында бұған дейін 58 мобильді топ жұмыс істеп келген болса, бүгінде оның саны 197-ге жетті. Олар 16 мыңға жуық науқасқа үйге арналған станционарлық қызмет көрсетті. Сонымен бірге 45 мың пациентке мобильді бригада қызметі арқылы үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізді. Нақтырақ айтқанда, жедел жәрдем көмегін шақыртушылар саны күніне 38 пайызға азайды»,- деді Т. Варзилов.

Сондай-ақ брифингте салаға жауаптылар стационарларда ем алушы науқастардың саны төмендегенін мәлімдеді. Соңғы он күнде науқастар саны 2882-ден 1240-қа дейін азайған. Нәтижесінде стационарлардағы төсек орынның жүктемесі 78,7 пайыздан 33 пайызға дейін кеміп отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

azatmedia

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА СУ, ЭЛЕКТР, ГАЗ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «СОЗАҚТАН ТҮРКІСТАНҒА» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру