Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды. Алғашқылардың бірі болып Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде орналасқан №89 сайлау учаскесіне жеттік. Мұнда сайлау таңғы сағат 6.00-де басталды.

— Қазақстан Республикасының әрбір азаматы саяси науқанға қатысып, белсенділік танытуы тиіс. Себебі, біздің таңдауымыз — біздің болашағымыздың бағдары. 6506 әскери бөлімінде еліміздің әр өңірінен келіп, әскери борышын өтеп жүрген 764 сарбаз бар. Біз жабық сайлау учаскесі болғандықтан мұнда тек сарбаздар ғана дауыс беруге қатыса алады. Ал, офицерлік құрам мен әскери қызметкерлер өздерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлау учаскесіне барып, отбасы мүшелерімен бірге өз таңдауларын жасамақ, – дейді №89 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы, 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, подполковник Ернар Әшірбеков.

Ал, қатардағы жауынгері Елдос Жүнісов «Сайлауда әрбір қазақстандықтың даусы маңызды. Сондықтан алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Мен Қазақстанның келешегі жарқын болғанын қалаймын», – дейді ол.

Ернар Абдуалыұлының айтуынша, әскери бөлімдегі сайлаушыларға бір ғана бюллетень беріледі. Онда ҚР Парламенті мәжілісіне партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттар тізімі ғана болады. Яғни, сарбаздар жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс бермейді.

Қатысты жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІ ШОРНАҚТА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН АЗАМАТТАРҒА 178 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ 1,1 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

azatmedia