Санатталмаған

ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ ЕМІ – ТӘРТІПКЕ БАҒЫНУ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың телеарна арқылы отандастарымызға жасаған мәлемдемесінде 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны халқының қаралы қазасы жанына батып, мұңын жүрегімен сезінгені байқалды. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Әлемді жайлаған пандемия мен пневмонияның еліміздегі жайлаған өрісі көптеген азаматтарды келместің кемесіне аттандыруда. Олардың арасында науқастың дертімен күресте алдынғы қатарда жүрген дәрігерлер мен медбикелер де бар. Індетпен ымырасыз күресудің бірден-бір жолы карантин тәртібіне жауапкершілікпен қарап, сақтық шарасына салғырттықты доғаруымыз керек. Бұл ретте Мемлекет басшысы:

–Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт, – деді.

Президент індетті адамзат жуық арада жеңе қоймайтынына алаңдағанымен қандай жағдай болмасын халықты уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсірмеуге және сабырға болуға шақырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары дәрі-дәрмек сақталатын қоймаларға рейд жүргізіп, заңсыз сауда жасағандар қылмысты жауапқа тартуда. Бұл өзге дәріхана қоймасының иелеріне де сабақ болды.

Халықтың денсаулығы және өмір қауіпсіздігі үшін Мемлекет тарапынан ауқымды жұмыс жасалынып жатыр. Күндізгі стационарларға қосымша төсек-орындар әзірленіп, керекті дәрілер жеткізілуде. Дана халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген асыл сөзін жадымызда сақтаған абзал. Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деп ең әуелі тәртіптің алар орны ерекше екенін тайға таңба басқандай айтып-ақ кетті. Рухы биік еліміздің көктегі жалауы қаралы күн үшін төмен түспесін десек, карантин тәртібін белгілі бір уақытқа дейін күнделікті үрдіске айналдырайық.

Мадияр Жұмабеков,
Саясаттанушы, әлеуметтанушы

 

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «ЛЕНГЕР БАЛМҰЗДАҒЫНЫҢ» ҚОЙМАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

azatmedia

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZAQAZBOT» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ 1119 ӨТІНІШ ТҮСКЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 ЖЫЛДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ САЛАСЫНДА 1138,1 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 224 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АҚШ-ТЫҢ АРИЗОНА ШТАТЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІНІҢ» ДИРЕКТОРЛАРЫ ҚЫТАЙДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ТҰРҒЫНДАР САНЫ 2 МИЛЛИОНҒА ЖАҚЫНДАДЫ

azatmedia

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

azatmedia

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

azatmedia

Пікір қалдыру