Бұл індеттің әлемнің барлық мемлекеттеріне залалын тигізіп отыр. Өкінішке орай #covid_19 індеті бізді де айналып өте алмады. Жыл құсымен ере келген аурудың алдын алу шаралары әлі де жалғасып жатыр.
Антына адал ақ халатты абзал жандарымыздың ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны да артып келеді. Бірақ, аурудың беті қайтып жатыр деуге әлі ерте көрінеді.
Бүгін қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Жеке өз басым ел басшысының бұл шешімін дұрыс деп санадым. Неге десеңіз, аталған індет адам шығынысыз келе алмады. Қазақтың жақсы жайсаңына, зиялысына қарамай әр бүйірден бір түртіп, біраз туған бақилық болды.Осы орайда «әрбір қазақ-жалғызым»-деген мемлекет басшысы індеттің құрығына іліккен отбасыларды еске алып, көрегендігін көрсетті. Президентіміздің бұл шешімі халық көңілінен жәй тапты.
Айгүл Төлеметова,
Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор