Соңғы кезде ауа райы температурасының күрт өсуіне және шомылу маусымының басталуына байланысты қалада ЖРВИ-мен (ОРВИ) сырқаттанушылар 2 есеге, пневмониямен ауырғандар 5,8 есеге артып отыр.
Осыған байланысты маусым айының ағымдағы кезеңіне ЖРВИ (5565) және пневмонияның (1688) 7 253 жағдайы тіркелген. Бұл өз кезегінде жедел жәрдемге жүгінушілер санын 5,5 есеге өсуіне әкеліп отыр. Күніне жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер саны – 2 100 болса, оның 500-ге жуығы пневмониямен ауырғандар.
Нақты мәліметтер бойынша өткен тәулікте 251 науқас ауруханаға түскен, оның ішінде КВИ-25, ЖРВИ-20, пневмония-206.
Жедел жәрдем қызметіне жүгінушілер санының артуына байланысты, Шымкентте «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылды, сонымен қатар, қалада қосымша 1000 стационарлық төсек-орындары ашылды.
Олар: №52 мектеп – 400 төсек орны, Спорттық манеж – 500 төсек орны, ҰОС ардагерлерінің емханасы – 100 төсек орны.
Ал, қала аумағында өз жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне қауіп төндірмей, барлық талаптарды сақтануға шақырамыз. Өйткені вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты.