Санатталмаған

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ЖЕТКІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

AzatMedia. Шымкент қаласындағы «ХимФарм» кәсіпорны және «Зерде-Фито» фармацептикалық компаниясынан қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, медициналық мекемелермен медициналық көмекті өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор арқылы 207,1 млн.теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға тапсырма берілді. Бүгінгі күнде 76,8 млн.теңгеге тауар жеткізілді.

Мониторинг нәтижесі бойынша көптеген дәріханаларда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тұрғындардың жиі сұранысының көбеюіне орай:

– Ыстықты түсіретін дәрілердің (Парацетамол, Эффералган, Панадол, Нурофен, Ибупрофен, Нимесулид) 238 486 қоры бар, оның ішінде дәріхана қоймаларында – 115 389 қорап болса, дәріханаларда – 123 097 қорабы бар.
– Вирусқа қарсы дәрілердің (Ингавирин, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю) қоры 38 187 қорап, оның ішінде – 25 518 қорабы дәріхана қоймаларында, ал дәріханаларда – 12 869 қорабы бар.

– антибиотиктердің саны (Азитромицин, Цефтриаксон, Цефиксим, Амоксициллин, Левофлоксацин) қоры 592 899 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында – 502 788 қорап болса, дәріханаларда – 90 101 қорабы бар.

Ескерте кетейік, дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда дәріхананың маманы пациентке дәрігердің келісімінсіз дәрілік заттан бастап ең аз баға бойынша ассортиментте бар халықаралық патенттелмеген атаумен дәрілік заттың синонимін ұсынады немесе емдеуші дәрігермен келісім бойынша оны фармакологиялық аналогпен ауыстыруды жүзеге асырады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру