Соңғы жаңалықтар

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕР- ДОСТЫҚ ПЕН ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРДІҢ ОРДАСЫ

Жазғы демалыс – балалардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған маңызды кезең. Осы уақытта ұйымдастырылатын жазғы сауықтыру лагерлері оқушылардың көңілді демалып қана қоймай, жаңа ортада достар тауып, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуына мол мүмкіндік береді.

Биыл жоспар бойынша балалар лагерінде 7 маусым болады. Тамыздың ортасына дейін қала

сыртындағы жазғы сауықтыру лагерлеріне Қазығұрт ауданының 2000 баласын демалдыру жоспарлануда .

19 маусым күні 155 оқушыны Түлкібас ауданы, Майлыкент аувлы, Жаркент ш.а, Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан “Happy camp” сауықтыру лагеріне жіберілді.

Әр күн сайын балалар ерте тұрып, жаттығу жасайды. Оларға 5 мезгіл тамақ беріледі. Демалушылар топ-топқа бөлініп, түрлі жарыстарға да қатысады. Ұйымдастырушылар дайындаған күнтізбе арқылы алаңсыз демалады, салауатты өмір салтын ұстанады. Ойлау қабілетін жақсартады.

Сондай-ақ, бірлесе жұмыс істеуге машықтанады.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай,

5-10 сынып оқушылары, лагерьге қабылданады.

Әр ауысымның ұзақтығы – 10 күн.

Жазғы сауықтыру орнына облыстық бюджет есебінен аз қамтылған отбасылардың балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және патронат балалар қамтылады.

Балалар лагерьде тек демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, өзара сыйластық пен ұйымшылдықты үйренеді. Түрлі танымдық және шығармашылық шараларға қатысу арқылы олардың бойындағы қабілеттері ашылып, өзіне деген сенімі арта түседі.

Лагерьде ұйымдастырылатын спорттық ойындар, эстафеталар мен мәдени кештер балалардың уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар олардың белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, табиғат аясында өткізілетін демалыс балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Олар табиғатты қорғау, тазалық сақтау сияқты маңызды құндылықтарды бойына сіңіріп, жауапкершілік сезімін дамытады. Жазғы лагерь – балалардың жарқын естеліктерге толы демалыс орны. Осындай сауықтыру шаралары оқушылардың жаңа оқу жылына сергек көңіл-күймен, мол күш-қуатпен және жақсы әсерлермен оралуына ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАРДЫ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ

azatmedia

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

azatmedia

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

azatmedia