Ақпарат Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰҢҒЫШ РЕТ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Бүгін «Rauan Ranch» демалыс аймағында «Auyl invest fest. Балық аулау – 2026» атты халықаралық фестиваль аясында балық аулаудан турнир өтті. Түркістан облысы әкімдігі мен «Ауыл» партиясы бірлесе ұйымдастырған бұл жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамыту мен эко-туризмді насихаттауға бағытталған.

Іс-шараға «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды. Жарысқа Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары, Шымкент қаласы мен Қырғызстан Республикасынан келген әуесқой және кәсіпқой балықшылардан құралған 10 команда қатысты. Қатысушылар балық аулаудың үш түрі қармақ, спиннинг және фидер түрлері бойынша халықаралық ережелерге сәйкес сайысты.

Жарыс қорытындысына сәйкес, қармақпен аулаудан Шымкент қаласынан қатысқан Нұрболат Айтбаев 1-орынға, Қырғызстан елінен келген Эрлан Насиридин 2-орынға, Түркістан облысынан қатысқан Төребекали Иманбердиев 3-орынға ие болды.

Ал, спиннинг түрі бойынша Қызылорда облысынан Ғани Абдиев 1-орынды, Жамбыл облысынан Мелдебек Ерхан 2-орынды, Қырғызстан елінен Искендер Абдужапаров 3-орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, фидерлік құралмен балық аулаудан Қырғызстан елінен Жәнібек Абдыжапаров 1-орынға, Шымкент қаласынан Нұрболат Айтбаев 2-орынға, Қызылорда облысынан Еркін Еркебаев 3-орынды иеленді.Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

СОСТОЯЛСЯ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ, ПОСВЯЩЕННЫЙ БЕЗОПАСНОСТИ ВО ВРЕМЯ ТУРИСТИЧЕСКИХ ПУТЕШЕСТВИЙ

azatmedia

АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 35,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

azatmedia