Соңғы жаңалықтар

Дін және сенім

Сенім  діннің негізін қалаушы фактор. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен Құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол Құдаймен байланысты сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Құрбандық деп қандай да болмасын тілек үшін белгілі бір құн төлеу қажеттілігін сезінуден туындаған дүниені, іс-әрекетті айтады. Адам әлеуметінің ең көне рәсімі құрбандық шалу рәсімі.

Осыдан діни наным-сенімдердің қоғамдық қатынастарды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарға шығарылған.

Рулық қоғамда алғашқы адамдар әр тайпа өз алдына белгілі нәрседен пайда болған деп ойлаған. Сол «нысаналы нәрсенің» көбі хайуанаттар (аң, құс, балық …) болып келеді, одан қалса, өсімдік (мұнда аздаған басқа заттар да бар) болады. Әрбір тайпа өзінің тотемдік нәрселерін ерекше қорғап, басына көтере қадірлеген.

Түркі тектес халықтардың әрқайсысының өзіне ортақ табынған киелі, жануарлары әсем марал, көк бөрі, бүркіт болып келеді. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес. Байбөрі, (Алпамыс батырдың әкесі, Құртқа қасқыр деген сөз. Қобыландының зайыбы) секілді аттар қазақтың әдеби мұраларында көп кездеседі. «Моңғолдың құпия шежіресінде» түрік монғолдар өздерінің шығу тегін әсем Марал, Бөрте Шонадан таралғанбыз деп есептейді. Шона қасқыр деген сөз. Бұл әпсананы – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Сарыбай досы Қарабайдың көңілін қимай буаз маралды атып, киелі аңның зауалына ұшыраған.

Діннің пайда болуы адам өмірінде, қоғамда болып жатқан әртүрлі өзгерістерден туындаған. Дін қоға өмірінде реттеуші күшке айналған құбылыстардың бірі. Діни нормалар адамдардың күнделікті өмір салтын, қоғамдық заңдарды ескере отырып уағыздалады.

Діннің ең басты ерекшелігі уахи арқылы келуінде. Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады.

Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

Ұ.Маймақова.

Қатысты жаңалықтар

Жүргізушіні қарғаған жол полициясының әрекеті қызу талқыланып жатыр (видео)

azatmedia

Ләйлә Сұлтанқызы: «Аямады азғын»

azatmedia

Келеске көгілдір отын тартылады

azatmedia