Қоғам

ЕҢБЕК АДАМЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Түркістан өңірінде жаңа Конституция жобасын елге таныстыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жалпыұлттық коалиция мүшелері аудан, қалаларға арнайы барып, азаматтармен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын атқарып келеді. Осындай жиынның бірі Төлеби ауданындағы «Qazaq Bitum» ЖШС-да өткізіліп, коалиция мүшелері, Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатвалдиев, облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай, Ханай Әшірбеков және “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев еңбек ұжымына заңнамалық реформаның мән-маңызын айтып берді. Оның ішінде жаңа конституциялық өзгерістердің өндіріс саласын дамытудағы рөлі, адал бәсекелестікті қалыптастыру, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері сөз болды.

Коалиция өкілдері реформалардың басты мақсаты – экономиканың нақты секторын нығайту, отандық өндірісті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру екенін атап өтті. Әсіресе, адал бәсекелестік қағидаттарын күшейту арқылы кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, өндіріс орындарының тұрақты дамуына жағдай жасау бағытындағы өзгерістерге ерекше тоқталды.

— Конституциялық реформа – бұл тек заңнамалық өзгеріс емес, бұл – әділ экономикалық орта қалыптастырудың негізі. Өндіріс дамымай, ел экономикасы алға баспайды. Сондықтан жаңа өзгерістер адал бәсекеге жол ашып, еңбек адамдарының құқықтарын қорғауды күшейтеді. Әлеуметтік қолдау шаралары да нақты сектор қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы, – деді Әли Бектаев кездесуде.

Кездесу барысында өндіріс саласының мамандары да өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Коалиция мүшелері қойылған сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформаның әрбір салаға тигізетін нақты тиімділіктерін түсіндірді.

Қатысты жаңалықтар

Әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды

azatmedia

«Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ»

azatmedia

САЙРАМДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia