Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Түркістан төрінде қалалық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты нысанның салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін жаңа ғимаратпен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Қасиетті шаһарда құқық пен әділеттің жаңа ордасы бой көтеріп отыр. Бұл – тарихи сабақтастықтың белгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «заң үстемдігі – елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі» екенін үнемі айтады. Президентіміз «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұсынып, осы міндетті орындауда прокуратура органдарына маңызды міндет жүктеп отыр. Ал құқық қорғау саласы мүлтіксіз әрі сапалы қызмет етуі үшін оларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Осы ретте бүгін ашылған ғимарат сіздердің жұмыстарыңызға серпін береді деп ойлаймын, – деген облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы бұл – заңға деген құрметтің, әділдікке деген сенімнің белгісі екенін айтты.

Жаңа прокуратура ғимараты – тек кеңсе емес. Бұл – заң үстемдігін нығайтуға, қоғамдағы әділдікті қамтамасыз етуге, тұрғындардың өтініштеріне жедел және сапалы жауап беруге арналған заманауи орталық. Ғимараттың құрылысы биылғы жылдың ақпан айында басталып, жыл соңында толық аяқталған. Тапсырыс беруші – «Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ. Құрылыс жұмыстарын «Нұр-Строй 2012» ЖШС жүргізді. Ғимарат заманауи техникалармен жабдықталған, ішінде жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Қызметкерлердің бөлмелері, үлкен жиналыс залы, ас бөлмесі, жаттығу бөлмесі, жабық спорт залы және автотұрағы бар.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимараттың лента қию рәсімі өтіп, облыс әкімі жергілікті зиялы қауым өкілдерімен бірге нысанды аралап көрді.

Содан соң келген қонақтар ғимарат ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың көркеюіне атсалысты.

Айта кетсек, биыл Президент бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілді. Қасиетті шаһар жедел қарқынмен дамып жатыр. Халық саны өсіп, әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған турист келуде. Түркістан – қазақ руханиятының жүрегі. Бабаларымыз осы жерде елдік мәселелерді шешкен. 17-ғасырдың соңында Түркістанда «Жеті жарғы» заңдар жинағы дайындалып, қоғамға қызмет еткен. Бүгінде сол тарихи сабақтастықты жалғай отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Жаңа прокуратура ғимараты осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Мұндай маңызды оқиға Түркістанның тек қазіргі күнде ғана емес, болашақта да еліміздің құқықтық саласын дамытуға зор ықпал ететіні анық. Түркістан қаласы Қазақстанның тарихында ерекше орын алатын, киелі әрі мәдени тұрғыда бай аймақ болғандықтан, мұнда прокуратураның жаңа ғимаратының ашылуы да символдық мәнге ие. Бұл – тек құқық қорғау органдары үшін жаңа жұмыс орны ғана емес, сонымен бірге, қоғамның заңға, әділетке деген сенімін арттыруға бағытталған қадам.

Әсіресе, Түркістан өңірінде халықтың санының артып, қаладағы инфрақұрылымдық өзгерістер мен жаңартуларды ескерсек, жаңа прокуратура ғимаратының ашылуы құқықтық жүйенің сапасын одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл ғимаратта қызмет ететін мамандар мен құқық қорғаушылар заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін қажетті барлық жағдаймен қамтылған. Олардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін арнайы спорт залы, жаттығу бөлмелері және өзге де қызметкерлерге арналған қолайлы кеңселер бар, бұл құқық қорғаушылардың денсаулығына да қамқорлық жасалатындығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта, Түркістан қаласының еліміздің рухани астанасына айналуы мен оның халықаралық деңгейде танылуы да маңызды. Туризм мен мәдениет саласында үлкен өзгерістер болып жатқанымен, қалада құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен әділдіктің орнауы да басты назарда болу керек. Осы тұрғыда прокуратураның жаңа ғимараты және оның ішкі инфрақұрылымы қаладағы тұрғындардың заң алдындағы құқығының қорғалуын күшейтетін жаңа мүмкіндіктер тудырады.

Жалпы, бұл құрылыс Түркістанның өсуі мен дамуына, оның құқықтық саласының жақсаруына қосылған үлкен үлес деп бағалануы тиіс. Құқықтық жүйе мен прокуратура органдарының жұмысы қоғамның барлық саласына әсер ететін маңызды фактор болып табылады, сондықтан мұндай ғимараттардың салынуы Түркістанның келешек дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Қатысты жаңалықтар

Келес: Ынтымақ елді мекеніндегі инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

azatmedia

Чехолдың пайдасынан зияны көп

azatmedia

Карантинде қызын ұзатқан экс-депутат құдасымен бірге қамалды (видео)

azatmedia