Ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫНА НАЗАР АУДАРДЫ

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Құспеков Олжас Хайроллаұлы Төлеби ауданына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында ол қорғаныс саласына қатысты бірқатар маңызды нысандарды: арнайы операциялар күштерінің «Орда» оқу полигоны, Ұлттық ұланның «Қаратау» оқу полигоны, ҰҚК Шекара қызметінің «Қасқасу» және «Төңкеріс» шекара заставаларын аралап, жай-күйімен танысты.

Мәжіліс депутаты Олжас Хайроллаұлы қорғаныс инфрақұрылымының жай-күйін зерделеп, жергілікті әскери қызметкерлермен кездесті.

«Орда» оқу полигонына баратын жолды жөндеу, казарма құрылысын жүргізу секілді өзекті мәселелер сөз болып, депутат назарына ұсынылды.Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне қарасты «Қаратау» полигонына барған депутат Олжас Қайроллаұлы нысанның қазіргі ахуалын оң бағалады. Полигон аумағы кең, мүмкіндігі мол. Жауынгерлерге арналған жаттығу алаңдары мен арнайы дайындық бағыттары жүйелі жолға қойылған. Мұнда да бірқатар инфрақұрылымдық мәселелер көтеріліп, тиісті ұсыныстар тіркелді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Қасқасу» заставасының қызметімен танысқан Мәжіліс депутаты қорғаныс саласына қатысты бірқатар нысандардың қазіргі жағдайы заман талабына толық жауап бермейтінін атап өтті.

Шекара қызметінің «Төңкеріс» заставасы — таулы аймақта орналасқан. Табиғаты ерекше, ауа райы қатаң. Заставаның материалдық-техникалық жағдайы жақсы деңгейде деп бағаланды. Депутат бұл нысанды да толық қарап, шекарашы сарбаздармен ашық кездесу өткізді.

Қорғаныс саласына қатысты бұл іссапар – нысандардың қазіргі жағдайын көзбен көріп, мәселелерді нақты зерделеуге бағытталған. Депутат тарапынан барлық көтерілген түйткілдер тіркеліп, Парламенттің бейінді комитеті арқылы Үкіметке жеткізілетін болады. 

Қатысты жаңалықтар

«AMANAT»: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – АСЫРАУШЫ САЛА

azatmedia

Қазығұртта «Жастар есірткіге қарсы» спорттық шарасы өтті 

azatmedia

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АУЫЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia