Қоғам

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ САҚТАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Тамылжыған табиғаты, саф таза ауасы бар тау баурайында орналасқан Төлеби ауданына келуші туристтер саны артып жатыр. Демалушылар табиғат аясында тынығып қана қоймай, жол жиектерін, өзен жағалауларын күл-қоқысқа толтырып, табиғаттың, қоршаған ортаның тазалығын сақтамауда.

Осыған орай аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен Қасқасу ауылдық округіне қарасты Сайрам су өзенінің жағалауына шұғыл тазалық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға 200-ге жуық жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, 7 шақырым өзен бойы тазаланды. Нәтижесінде, 9 тонна қоқыс жиналып, арнайы техникамен полигонға жеткізілді.

Аудан әкімдігі туристер мен қонақтарды табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқыстарды тастамауға шақырады. Сондай-ақ қоқысты белгіленбеген жерге тастаған азаматтарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»» Кодексінін 505-бабы жене 432-2 бабы бойынша 153 баптарына сәйкес айыппұл салынатынын ескертеді.

Қатысты жаңалықтар

Кәсіподақ бастамасымен спорттық сайыс өтті

azatmedia

Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің!

azatmedia

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

azatmedia