Қоғам Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округі электр желілерімен толықтай қамтылған

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінің әкімі 2021 жылдың 9 айында және 2022 жылы атқарылатын  жұмыстарының есебінде өңірдегі электр желілерімен қамтамасыз ету жайын баяндады.

Ауылдық округтегі электр желілерімен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Жалпы электр желінің ұзындығы – 27,9 шақырымды. Осы желілердің 21,2 шақырымы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгерімінде, 6,7 шақырымы ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгерімінде. Осы 6,7 шақырымға (А.Аппазов, Жемісті, Ақ ниет көшелеріне) электр  бағаналарын қойып, электр желісін тарту және трансформатор құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама бойынша 102 млн 625 мың теңге қаржы есептелген.

Биылғы жылы жоғарыда аталған көшелерге электр желілерімен трансформатор құрылысын жүргізу үшін  «TURAN ENERGO GROUP» ЖШС құрылыс жұмыстарын 83 млн теңгеге ұтып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп отыр. Биылғы құрылыс жұмыстарына 10 млн теңге қаржы бөлінген, қалған 73 млн теңге 2022 жылға қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылға жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақтың «Тақиялы періштесі» өмірден озды

azatmedia

«Алтын орда» базарындағы төбелес: Оқиғаға қатысты тың дерек шықты

azatmedia

Еуропада коронавирус пандемиясы қайта өршіді

azatmedia