ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековтың Бәйдібек ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жағдайымен танысты.
Атап айтқанда, Шыбыт елді мекенінде жаңадан салынған медициналық тірек пунктіне барды. Заманауи талаптарға сай бой көтерген нысан 2024 жылдың желтоқсан айында толық пайдалануға берілген. Жалпы аумағы 0,3 гектарды құрайтын нысанның құрылыс алаңы – 195,38 м².
Жаңа үлгіде салынған денсаулық сақтау нысанының материалдық-техникалық базасын көріп, қызмет көрсету сапасы бойынша жауапты мамандармен пікір алмасты.Бұдан бөлек, Шыбыт елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектептің жұмысымен танысты. 1980-жылдардың соңында жергілікті халықтың күшімен салынған білім ордасы қазіргі таңда ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Мектепте қажетті білім беру бөлмелерімен қатар спорт залы, акт залы, асхана секілді маңызды инфрақұрылымдар қарастырылмаған.Ұласбек Сәдібеков мектеп ғимаратының жағдайына назар аударып, жаңа мектеп салу мәселесі бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, құзырлы органдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Сапар барысында Ұласбек Сәдібеков өңір тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар әрдайым Мәжіліс назарында болатынын жеткізді.