Ақпарат Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАНЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауымен біріңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен өткен жиынға салалық басқарма басшылары мен тиісті мамандар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша өңірде атқарылған жұмыстарды тыңдап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Мәжіліс барысында аймақта әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, әр саладағы деректер мен қызметтерді бір жүйеге біріктіру, процестерді автоматтандыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты сараланды.

Айта кетсек, платформаны кезең-кезеңімен енгізу арқылы өңірлік басқару тиімділігі артып, ашықтық пен халыққа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Мәжіліс барысында көтерілген тағы бір маңызды мәселе – бұл деректердің қауіпсіздігі және оны қорғау шаралары болды. Цифрлық платформаны енгізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл ретте арнайы техникалық шешімдер мен бағдарламалық жасақтамаларды қолдану арқылы барлық деректердің сақталуы және қорғау деңгейінің жоғары болуына кепілдік берілмек. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер платформаның жұмысын үнемі қадағалап отырады.

Сонымен қатар, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселесі көтерілді. Оған қоса, халыққа мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетуге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігі айтылды. Платформаға толық көшу үшін халықтың барлық топтарын, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын адамдарды оқыту мен ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Жиында өңірлік басқару мен қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жасалып жатқан басқа да шаралар талқыланды. Бұл ретте, цифрлық платформаны енгізу өңірлік басқару органдарының арасындағы байланысты күшейтуге, ақпарат алмасуды жеңілдетуге және өңір экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететіні ерекше атап өтілді. Жүйелі әрі тиімді жұмыс жасаған жағдайда, Түркістан облысы еліміздің цифрлық трансформациясына үлес қосып, тұрғындарға ыңғайлы әрі сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін болады.

Қатысты жаңалықтар

АРНАЙЫ ТОП ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

azatmedia

Қазығұртта «Жастар есірткіге қарсы» спорттық шарасы өтті 

azatmedia

ТАРИХИ ОРЫН ТАЗАРДЫ

azatmedia