Мәдениет

РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНДА «ДӘСТҮР» МЕДИАСТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

Кентау қаласында «Кентау қалалық Руханият орталығы» жанынан жаңа «Дәстүр» медиастудиясы ашылды.Ашылу рәсіміне қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, қала әкімінің орынбасары және жауапты бөлім басшылары қатысты.

Жаңа медиастудия – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүр мен рухани бағыттағы мазмұнды кеңінен насихаттайтын заманауи алаң. Бұл бастама жастардың діни сауаттылығын арттыруға, дәстүр мен тәрбиені насихаттайтын бейнероликтер, бағдарламалар әзірлеуге жол ашады.Салтанатты шарада қала әкімі Жандос Тасов медиастудия жұмысына сәттілік тілеп, бұл жобаның қоғам үшін маңызын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ 2024 жылы 26 наурызда құрылып, облыс бойынша алғашқы осындай бағыттағы мекеме болып табылады. Мекеменің басты мақсаты – Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда руханият, дін мәселесі мен ұлттық салт-дәстүрді үйлестіре дамыту.

Қазіргі таңда орталықта 12 маман қызмет атқарады. Орталықтың директоры Қанат Бекметов. Мұнда дін және руханият бағытында екі бөлім жұмыс істейді. Атап айтқанда, діни экстремизмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастармен түсіндірме кездесулер өткізу сынды маңызды бағыттар қамтылған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

azatmedia

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ САЯБАҚТА ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени сәулет кешендері туралы

azatmedia