Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – рухтың үні» атты мерекелік іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді ұлықтап, күй өнерін жас ұрпаққа насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу.

Бағдарлама аясында «Ақжайық» музыка мектебінің оқушылары ұлттық нақыштағы бірнеше күйді нақышына келтіре орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар айтыскер ақындар мен өнер саласының танымал өкілдері арнау өлеңдерін оқып, ұлттық мұрамыздың маңызын жыр жолдарымен жеткізді. Салтанатты жиында Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі өнерді қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында белсенді қатысушылар мен өнерпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СӘУКЕЛЕ ҒАЛАМДЫҚ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

ЮНЕСКО-НЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА КОМИТЕТІ «ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН ҚҰПТАДЫ

azatmedia