Ақпарат

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков ауданға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Сапар аясында аудандық ардагерлер үйінде жергілікті қариялармен кездесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті мәселелермен танысты. Ұласбек Сәдібеков көтерілген мәселелерді депутаттық сауалдар арқылы шешуге ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер, жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері және жасанды интеллект бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтерді де бөлісті.

Өз кезегінде аудан ардагерлері аудандық аурухананы күрделі жөндеу, білім бөлімін ауданға қайтару, сондай-ақ Н.Төреқұлов атындағы IT мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу сынды бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Бұл мәселелер бойынша аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тиісті шаралар қабылданып жатқанын, соның ішінде аудандық аурухананы жөндеуге қажетті қаржыны «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы арқылы тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Одан әрі депутат аудандық орталық ауруханаға барды. Медицина қызметкерлерімен жүздесіп, саланың дамуына қатысты пікірлерін білдірді. Сонымен қатар тұрғындардың денсаулығын қорғауда профилактикалық шараларды күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

Сапар соңында автоматтандырылған газ тарату станциясының жұмысымен танысып, құжаттарды рәсімдеу және келісімдерді пысықтау бойынша нақты ұсыныстар берді.

Қатысты жаңалықтар

АРЫСТА ҚҰРЫЛЫС-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ ДАМУДА

azatmedia

Қазығұртта «Жастар есірткіге қарсы» спорттық шарасы өтті 

azatmedia

Түркістан: Жақында департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

azatmedia