Қоғам

КЕЛЕС АУДАНЫНДА «ТЕРРОРИЗМГЕ ЖОЛ ЖОҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Келес ауданына қарасты Шұқырсай ауылындағы спорт алаңында «Терроризмге жол жоқ» атты кең ауқымды акция ұйымдастырылды. Іс-шара қоғамда терроризмге қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру, жастардың отансүйгіштік рухын көтеру, бейбітшілік пен бірлік құндылықтарын насихаттау мақсатында өткізілді.

Шара барысында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры «Терроризмге жол жоқ!» атты прологты сахналап, көрермендерге терең ой саларлық әсерлі қойылым ұсынды. Сонымен қатар, терроризмнің қауіптілігі мен оның қоғамға тигізер зардабы туралы бейнеролик көрсетілді.

Акцияның ресми бөлігінде жүргізуші сөз алып, жиналған көпшілікті іс-шараның маңыздылығымен таныстырды. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев құттықтау сөз сөйлеп, терроризмге қарсы күресте қоғамның бірлігі мен тұрақтылығының маңызын атап өтті.

Мәдени бағдарламаның аясында жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындап, елге деген сүйіспеншілікті, туған жерге деген құрметті әнмен жеткізді. Ән кеші көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Іс-шара барысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлік тәсілдерінен тұратын арнайы қойылымы көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Бұл қойылым терроризмге қарсы күресте тәртіп сақшыларының кәсіби дайындығы мен батылдығын паш етті.

«Терроризмге жол жоқ» атты акция бейбіт өмірдің құндылығын, ел тыныштығының маңыздылығын айшықтап, көпшілікке терең ой салды.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда өзінен 11 жас кіші қызды қарата алмаған ер адам ұят әрекетке барды

azatmedia

Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі

azatmedia

Тәуелділікке алып барады

azatmedia