Мақтаарал ауданының әкімі Бахыт Насырханұлы Асановтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аталған іс-шараға аудан прокуроры Айтболат Тайырханұлы Досаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ердаулет Дарханұлы Амантаев, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері және аумақтық мекеме басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде:
1) ауыр қылмыстардың алдын алу профилактикасы және негізгі себептері туралы;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған жұмыстар туралы;
3) Кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, атқарылған профилактикалық шаралар туралы мемлекеттік органдардың қабылданып жатқан профилактикалық шаралары кеңінен талқыланды.
Отырыста аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрсұлтан Тұрышбекұлы Елшібаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Сәрсенбекұлы Елшібаев, сондай-ақ «Атамекен» кеден бекетінің басшысы Ербол Батырбайұлы Усипов баяндамалар жасап, өз салаларындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Аудан әкімі Бахыт Насырханұлы комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін назарға ала отырып: құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруды, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті жүйелі түрде жүргізуді, халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруды тапсырды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.