Соңғы жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІЛЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Еліміздегі жастардың кең көлемде әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алулары үшін толығымен жағдай жасалған білім ордаларының бірі, 60 жылдық тарихы бар Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде жылдан-жылға оқу базалары жаңартылып келеді. Ынталы, ізденімпаз, жаңашыл жастардың толыққанды маман иесі болып жетілуіне де барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров пен аудандық мәслихат депутаты Эльмира Темірбаева аталмыш оқу орнының «Жұмысшы мамандықтар жылының» бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанатына қатысты.

«Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар мен жастарға арналған білім, кәсіпкерлік, медицина мен ауыл шаруашылығы салаларындағы мол мүмкіндіктердің шапағатына бөленіп жүрген сіздер өте бақытты жансыздар. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қарашаңырақ білім ордасы талай таланттардың бағын ашып, білікті мамандарды түлетіп ұшырған. Ол азаматтар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп жүр. Сіздер де колледж қабырғасында алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді еліміздің дамуы жолында сарп ететіндіктеріңізге сенімдімін» деген аудан басшысы колледжді үздік бітірген түлектерге диплом табыстады.

Әлемдік ареналарға көтерілу үшін озық технологияларды еркін меңгеріп, алпауыт мемлекеттермен иық тіресетіндей сапалы білім алуға, ізденуге үндейтін аталмыш колледжде өткен оқу жылында 1660 студент 11 мамандық бойынша білім алса, 290-ы өз мамандықтары бойынша диплом алатындар. Оның 17-сі үздіктер.Шара барысында бітіруші түлектерге ақ жол тілеген халық қалаулылары диплом табыстау рәсіміне қатысты. Естелік суретке түсті.

«Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ордасына келіп, бітірушілерімізге диплом табыстау салтанатына қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және біздің түлектеріміз де өздеріңіздей ел басқару ісіне араласып, жарқын болашақ үшін аянбай еңбек ететіндеріне сенімдіміз. Өйткені, біздің оқу ордамызда оқыту процесі тек білім берумен ғана шектелмейді, тәрбие, салт-дәстүр, салауатты өмір салтын ұстану секілді құндылықтармен ұштастырылады» деген колледж директоры Лаззат Баймағанова шәкірттерінің, білім ордасының жеткен жетістіктерімен таныстырды.

Салтанатты кештің шырайын кіргізген білім ордасының студенттері мен ұстаздары әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.

Қатысты жаңалықтар

Жастар арасында діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуы

azatmedia

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА АЙ САЙЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

azatmedia

ҚАНДАСТАРДЫ БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА АТАЖҰРТҚА ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

azatmedia