Әлемдік діндердің негізін қалаушы Будда, Иисус Христос, Мұхаммед сияқты нақты тарихи тұлғалар болған.
Буддизм алғашында монахтардың діні болды. Кшатрилердің әскери касталарының талабын қанағаттандырды. Бірақ Будданың ілімі кейіннен қатты дамыды. Буддизмнің негізгі бастаулары әртүрлі және көп. Олар ежелгі санскрит, тибет, маньчжур, қытай, жапон тілдерінде болды және бір-бірінен өзгешеліктері білінді. Будда дінінің жүйеленуі Гаутама Буддаға байланысты болды. Аталған дінді ұстанушылар елімізде де көрініс береді.
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Христиан ілімінде алғашқы христиандарда алғашқы діни ілім қалыптаспады. Христиандық оның догматтары қалыптасқанша, бірнеше ғасырлық жолдан өтті. Елімізде христиандық бағыттағы діни объектілер мен құлшылық үйлері заңды тіркеліп, конфессиялық тұрғыда өз жұмыстарын жүргізуде.
Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылык) діні – ең жас әлемдік дін. Жалпы тарихи жағынан Ислам VІІ ғасырда Араб халықтарының алғашқы қауымдық кұрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.
Ислам діні шыққанға дейін Алла (Аллаһ) деген Құдайға бас иген, бірақ бұл ұғымды арабтар қатардағы бір Құдайлардың есебінде қабылдады. Күрейіштер тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Құдайлар бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Құдайлардың бейнелерін сақтап қызмет етіп, біз «Алла үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мұхаммед пайғамбардың тұсында «Аллаға» жеке Құдай түсінігі берілді. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күш» – Алла еді. Міне, сол себепті Ислам дінінің шығуы тікелей Мұхаммедтің өмірбаянына тығыз байланысты болды.
Қазақстанда дәстүрлі дін Ислам діні, оның ішінде Сүнниттік бағыт, Имам Ағзам мазхабы танылады. Сан ғасырлы тарихы мен салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымен біте қайнасқан дәстүрлі дін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыты ретінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде өз үлесін қосып келеді.
Ұ.Маймақова.