Мәдениет

ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙДЕ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ШАРА ӨТТІ

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне орай «Домбыра — дастан» атты іс-шара өтті.Негізгі мақсаты — жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің асыл мұрасы — домбыраның тарихи және мәдени мәнін терең ұғындыру.Іс-шара барысында М.Әуезов атындағы оқу ордасының оқытушысы, өнертанушы Смағұл Хамза мен қолөнерші, ағаш ұстасы Сәдібеков Қожабек оқушыларға домбыраның пайда болу тарихы мен осы аспапқа қатысты аңыз-әңгімелерді кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар бірнеше танымал күйлер орындалып, балаларға арналған қызықты жұмбақтар жасырылды. Кеш барысында «Қаратау» өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық әуенмен көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ АБАЙДЫҢ ӨМІРІНЕ АРНАЛҒАН СПЕКТАКЛЬ АЛҒАШ РЕТ САХНАЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

azatmedia

Сіздің кесеңіз қандай? (Жауабыңыз мінезіңіз туралы сыр шертеді)

azatmedia