Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА» КҮНІНЕ ОРАЙ КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күні аясында дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттау және күй өнерін дәріптеу мақсатында «Тұран даласының күйлері» атты қалалық күйшілер байқауы өтті.

Байқауға 8-21 жас аралығындағы үміткерлер екі топқа бөлініп, бақ сынасты:

8-14 жас — кіші топ (14 үміткер)15-21 жас — үлкен топ (12 үміткер)Байқау екі кезеңнен тұрды:

1.Н.Тілендиевтің бір күйін орындау2.Қазақтың шертпе күйінен бір туынды орындау

Қазылар құрамында қазылар алқасының төрағасы, «Яссы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ерлан Жақыпбеков, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Мұрат Жұманов, педагогика ғылымдарының магистрі, домбыра пәні мұғалімі Данакөз Үргенішбаева болды.

Байқау Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйімен ашылып, Мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мусағалиев қатысушыларға сәттілік тіледі.

ЖЕҢІМПАЗДАРКіші топБас жүлде – Марат Айнара (Түркістан балалар саз мектебі)

I орын – Сабитбек Нұрасыл

II орын – Бақытжан Мейіржан, Ұзақбай Ералы, Жұмағали Раййан

III орын – Базарбай Алпамыс, Қожанберді Нұрасыл, Егемберді Бақдәулет

Үлкен топБас жүлде – Құрманғали Мырзахмет

I орын – Оспанова Ақжарқын

II орын – Мәткен Аяулым, Шекербек Құдірет

III орын – Көшентай Әнуар, Сейдуллақызы Зарина, Әкетай Арман

Айта кетейік, барлық жеңімпаздар мен қазылар алқасына арнайы алғыс хаттар табысталды. Байқау көрермендердің, ұстаздар мен ата-аналардың ризашылығына бөленді.

Қатысты жаңалықтар

«ДЕПУТАТ ТАЛҒАТ БАЛТАБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛЫП ЕДІМ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

azatmedia