Мәдениет

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ САЯБАҚТА ТАНЫМДЫҚ ШАРА ӨТКІЗДІ

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ашық аспан астында танымдық-мәдени іс-шара өткізді. «Жібек жолы» ойын-сауық саябағында бұл шара балалар кітапханасына оқырман тарту және кітапханаға деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

«Саябақтағы кітапхана» шара аясында кітап көрмелері жасақталып, келушілерге балалар әдебиетімен танысу, балаларға арнап түрлі интерактивті тапсырмалар, логикалық ойындарға қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Балалар мен ата-аналар белсенділік танытып, кітапхана қызметкерлерінен кеңес алып, кітапхана қызметтері жайлы мағлұмат алды. Ата-аналар мен балалар кітапхана қызметіне оң көзқарас танытып, алдағы уақытта кітапханаға жиі келуге ниет білдірді. Сондай-ақ «Тиянақты кітапханашы» жазғы оқу курсына қатысушы кітапханашылар да іс-шара қонақтарының қатарынан табылды.

Бұл жоба – кітапты көпшілікке жақындату, демалыс пен оқуды ұштастыра отырып, жаңа оқырмандарды тартудың тиімді жолдарының бірі ретінде өз нәтижесін береді деген сенімдеміз. Мұндай шаралар жас оқырмандарды кітаппен дос болуға баули отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді.

Айта кетейік, бұл шара балалардың жазғы демалысы кезеңінде әр аптаның бейсенбі күндері қаламыздағы саябақтарда өткізіледі. Сонымен қатар демалыс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуге талпынып, ең көп кітап оқыған оқырмандарға түрлі сыйлықтар беріледі.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

azatmedia

САУРАН АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕЙТІН БАЙҚАУ ӨТТІ

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

azatmedia