Бүгін Түркістан облысындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «AMANAT» партиясының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері жұмысын бастады. Партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан кең ауқымды шараға республикалық мәртебесі бар 3 қала мен 17 өңірден 300-ден астам делегаттар келді.Жастарға арналған саяси лагердің жұмысына «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, депутаттар, жастарды қолдау жөніндегі республикалық және өңірлік кеңестердің мүшелері, жастар санатындағы қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері, еріктілер, эко-белсенділер, жас кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, шығармашылық жастар қатысуда.Белсенді және талантты қазақстандық жастарды партиялық жобалар мен бастамаларды іске асыруға жұмылдыру, олардың заманауи дағдыларды игеруге қабілетін арттыруға біріктіру мақсатында өтіп жатқан іс-шара жас белсенділер арасынан жаңа толқындағы саяси көшбасшыларды даярлауға мүмкіндіктерді кеңейтуге қызмет етпек.Саяси лагердің жұмысы барысында жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға арналған түрлі бағыттағы тренингтер, тимбилдингтер және «Bir tolqynda» диалог алаңы өткізіліп, жастарды толғандыратын түрлі тақырыптар шеңберінде пікір алмасулар өтетін болады.Жұмысын бүгін ресми түрде бастаған республикалық саяси лагерь 24 тамызға дейін қызметін жалғастырады. Лагерьдің ашылу рәсімінде сөз алған «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, партиямыздың жас белсенділерін Түркістан облысында көргеніне қуанышты екенін жеткізді. «Ортамызды толтырып жатқандарыңызға алғысымызды білдіріп, қош келдіңіздер дегіміз келеді. Лагерьдің жұмысын ресми түрде ашық деп жариялаймыз»,- деп атап өтті. Шараға партияның Орталық аппараттың қызметкерлері, партияның Түркістан облыстық филиалының өкілдері, Шымкент қаласының белсенділері дайындық жүргізгенін айтып, төрт күндік бағдарлама өте қызықты өтетінін айтты, замандастарын әрбір сессияны, әрбір кездесуді қалдырмай белсене қатысуға шақырды.Бірінші күнге арналған бағдарлама бойынша, оған қатысушылар саяси лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, тимбилдинг түрінде өткен басқосуда жастар топтарға бөлініп, демалыс аймағының жұмысымен танысты. «Жастар Рухы» Жастар қанатының таныстырылым кеші ұйымдастырылды. QUIZ ойындары барысында жастар косплей конкурсына қатысып, қызықты интеллектуалды-сауық кешінің куәсі болды. Әр өңірден келіп, бас қосқан жастардың сауық кеші аймақтардың концерттік номерлерімен жалғасын тапты.
Алдынғы жаңалық