Қоғам

ТҮЛКІБАС: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді анықтау және оларды жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі мәселелер аясында аудандық білім бөлімінің бас маманы Қазима Қонтаева білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Ол білім саласында ашықтықты қамтамасыз ету, ата-аналармен байланыс орнату және тәртіптік бақылау жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Майлыкент ауылдық округінің әкімі Асқарбек Ибрайымов өз округінде жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары туралы баяндап, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары мен қоғам белсенділерін тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған істермен бөлісті.

Сонымен қатар, комиссия отырысында І тоқсандағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы аудандық заң бөлімшесінің бас маманы Н.Жайшыбеков есеп берді. Ол жауапты бөлімдерге берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі мен кездескен қиындықтар жайын баяндап, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Жиын қорытындысында аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

КАРАНТИН: сенбі-жексенбідегі шектеулер қашан алынатыны белгілі болды

azatmedia

Мұқтаждық па, масылдық па?

azatmedia

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Әмірова Алтынай

azatmedia