Ақпарат

Түркістан: Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің отыз бесінші отырысы өтті. Кеңес отырысын облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Б. Жылқышиев ашып, жүргізіп отырды.

 Отырыстың жұмысына  облыс әкімінің орынбасарлары Е.Алтаев, Б.Тәжібаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары  С.Әсілбек және тиісті басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі «Облыстың қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі міндеттерін іске асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы» негізгі мәселе бойынша  Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Е.Күзембаев баяндама жасады. Қосымша баяндамамен  облыстық Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік саланың дамуы және мемлекеттік сатып алу саласының жұмысы жөніндегі комиссия  мүшесі З.Чалданов  басқармаға қатысты мәселелерге тоқталып, жіберілген кемшіліктерге назар аударып, бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар берді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен оған бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі жөнінде» ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары С.Әсілбек баяндама жасады.           Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Т.Құдайбергенов   баяндамада айтылған кемшіліктерге тоқталып, жауап берді.

 Сондай-ақ, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестен берілген ұсынымдардың  орындалу  барысы  қаралды: – ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары  А.Плалов  кемшіліктерді жоюда, берілген ұсынымдарды орындауда атқарылған жұмыстарын атап өтті.

Сонымен қатар кеңесте:

–  «Сарыағаш» өңірлік маңызы бар индустриялық  аймақ құру туралы». Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;  –   «Орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы; –  «Түркістан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы» Түркістан облыстық маслихатының шешім жобасы; –  «Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық маслихатының шешім жобасы; -«Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Түркістан облыстық маслихатының шешім жобасы;  – «Түркістан облысының бірқатар елді мекендерін тарату туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулы және облыстық мәслихатының шешім жобасы;  – «Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 1 қарашадағы №43/466-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім жобасы» Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына ұсынылып келісім берілді.

Қатысты жаңалықтар

Таңғаларлық оқиға: Екі айлық нәресте ата-анасына амандасты (видео)

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

azatmedia

Жол құрылысы қарқын алды

azatmedia