Ақпарат

ТҮРКІСТАН: Қоғамдық кеңестің кезекті отыз үшінші көшпелі отырысы Сайрам ауданында өтті

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отыз үшінші көшпелі отырысы  Сайрам ауданында өтті. Кеңес отырысын облыстық кеңес төрағасы Б. Жылқышиев ашып, жүргізіп отырды.

 Отырыстың жұмысына  Сайрам ауданының әкімі А.Сәбитов,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев,   Төлеби ауданының  әкімі Т.Телғараев;

 Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ғ.Құрманбай,  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы А.Абдиев, Түркістан облысы ветеринария саласының қызметкерлері, Сайрам аудандық Қоғамдық кеңестің мұшелері, ауданның 11 ауыл округінің әкімдері, тұрғындары, күн тәртібіне тиісті басқарма басшылары, және  БАҚ өкілдері қатысты.   

 Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Сайрам ауданында  ветеринария  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру» бойынша  Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Сайрам аудандық филиал басшысы Б. Абдихаев   пен қосымша баяндамамен Түркістан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғ.Құрманбай және облыстық Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі комиссия төрағасы  К.Қадырбеков  баяндама жасады.

Пікір алмасу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Е.Байзақов, Қ.Керімбеков,   Б.Рысбековтың тарапынан пікір, ұсыныстар айтылды.

 Кун тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын тұрақтандыру қорының бүгінгі жай күйі жөнінде» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары С.Әсілбек айтып өтті. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Азық түлік тауарларын тұрақтандыру қоры департаментінің»  директоры Л. Жанасбаева жауап берді.  

 Сондай-ақ,  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандары бойынша Төлеби ауданына қарасты Қостөбе  және Ханарық елді мекендеріндегі көпірлер құрылысының жай-күйі жөнінде»  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары  С. Әсілбек және Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараев баяндама жасады.

 Сонымен қатар кеңесте:

 –  «2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 – «Түркістан облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

 –  «Тұрбат» өңірлік маңызы бар агро-индустриялық  аймақ құру туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 – «SAURAN» өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құру туралы Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 – «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы

№ 29 қаулысына «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту» туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 – «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 – «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 15 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулы жобасы;

 – «2024жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 –  «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы «Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 49 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 –  «Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 –  «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

 – «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»  Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобалары Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына ұсынылып  шешімдер қабылданды.

Қоғамдық кеңес мәжілісінде  күн тәртібі мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Қатысты жаңалықтар

ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia

Дінде зорлық-зомбылыққа жол жоқ

azatmedia

Тағы 77 адамнан коронавирус анықталды

azatmedia