Жаңалықтар

ДӘРІГЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛДІК МІНДЕТ

Ең басты байлығымыз – адам деген ұғымды алған шығарған «AMANAT» партиясы, денсаулық сақтау саласын ұлттың даму деңгейіне өлшем болатын маңызды индикатордың бірі деп санайды. Азаматтардың жоғары стандартты, сапалы медициналық ем қабылдауына мүмкіндік жасалуы керек деп біледі және осы салаға қатысты өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешім табуына ықпал етіп, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қолдайды.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұсынысымен, облыс орталығында қызмет атқаратын денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің бірқатарына партия атынан Алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Қызметін адал атқарып, адам жанының арашашысы болған медицина қызметкерлерін құттықтау рәсіміне партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева қатысып, ақ халатты абзал жандарға деген ыстық лебізін білдірді. Сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау іс-шаралары барлық аудан, қалада жалғасып, оларға «AMANAT» партиясының өкілдері белсене қатысуда.

Айта кету керек, денсаулық сақтау, медицина саласындағы қордаланған мәселелерді шешуде, азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруда партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында бірқатар маңызды міндеттер белгіленіп, олардың орындалуы аманаттық өкілдердің тұрақты назарына алынған.

Саладағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын үйлестіруде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы бойынша Түркістан облысында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға басымдық беріліп, 2023 жылы өңір бойынша 43 дәрігер шет елдерде біліктіліктерін арттырса, биылғы жылы 32 дәрігер медицинаның озық дәстүрлерін меңгеруде шет елдік денсаулық сақтау ұйымдарының тәжірибелерін зерделейтін болады. Аудан, қала әкімдіктері тарапынан денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін тұрғын үй-жайларымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша, 2023 жылы 109 маманға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие алуларына мүмкіндік берілген. Бұл жұмыстардың барлығын облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудан, қала әкімдіктерімен және мәслихаттың партиялық фракция депутаттарымен бірлесе атқаруда. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

azatmedia

АҚ НИЕТТІ, КЕҢ ЖҮРЕКТІ АНАЛАР МАРАПАТ АЛДЫ

azatmedia

«БАЛАҢА УАҚЫТ АРНА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

azatmedia