Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Әлеуметтік оңалту орталығы – науқастың денсаулығын қалпына келтіру және оны еңбекке және қоғамдық өмірге қайта қосуға бағытталған көп қырлы және ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін азаматтарға қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкер болу оңай емес, қиындығы көп жұмысты қиындықсыз атқарып жүрген азаматтар құрметтің қай түрі болсада лайық.
Мереке қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева бірқатар әлеуметтік қызметкерлерді құттықтап, бірқатар азаматтарды облыстық комитеттің Құрмет Грамотасымен және «Сарыағаш» шипажайына сертификатын тапсырды.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық