Ақпарат

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясының партиялық бақылау комитеті қоғамымыздағы сыбайластыққа қарсы әрекеттер бойынша партия жұмысын ұйымдастырып, үйлестіруде, заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылау жүйесін құруда бірқатар нәтижелі шараларды жүзеге асырып келеді.
Ал, сайлауалды уәделерді жүзеге асыру – партияның аудандық филиалдары жұмысының басты бағыттарының бірі.
Партияның Арыс қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы негізінде «Сапалы білім беру үшін жағдай жасау» бөлімінде көзделген индикаторлардың орындалуын бақылау мақсатында Арыс қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында С.Қожанов, Ә.Жангелдин, В.Комаров атындағы жалпы орта білім беретін мектептері бар.
Сараптама жұмыстарына «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, филиал жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Еркін Сарбасов және комиссия мүшесі Ғалымжан Құмарбеков қатысты. Аталған шара барысында Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан оқушыларға ыстық тамақ беруді тиімді ұйымдастыру тетіктері мен осы бағыттағы өзекті мәселелер пысықталып, білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камералары, дабыл түймелері мен интернет желілерімен қамтылуы зерделенді.
Бақылау барысында мектеп асханаларының негізгі құралдармен, яғни тоңазытқыш, мұздатқыш, қысқа толқынды пеш, газ, электроплиталармен және асханалық бұйымдармен толықтай қамтылғаны анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде сапалы білім беру үшін жағдай жасау бойынша партия тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, олардың орындалуы бақылауға алынды. Аталған бақыттағы бақылау жұмыстары партия тарапанын тұрақты бақылауда болмақ.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

Танымал қазақстандық жұлдыз көз жұмды

azatmedia

МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

azatmedia