Ақпарат

ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАПА ШЕККЕНДЕР

Бүгін Мақтаарал аудандық Мақтаарал Аграрлық колледжінде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазықсыз жапа шеккендер» тақырыбында жиын болып өтті. Жиынға аудандық ҚХА жанындағы құрылымдар мен Қоғамдық келісім КММ Мақтаарал аудандық филиалының маманы, аудандық Ішкі саясат бөлімінің маманы, Жастар ресурсттық орталығының басшысы мен мамандары, колледж ұжымы мен білім алушы жастары қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Іс-шарада тарихтағы бабаларымыздың көрген қайғылы сәттерінен койылым көрсетіліп, қатысушы жастар тақырыпқа сай баяндамалар жасады. Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру мақсатында кітап көрмесі көрсетілді.Бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы сол қаралы жылдарда ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмғандарды еске алып, олардың рухына тағзым жасауы азаматтық парыз деп білеміз. Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын.

Қатысты жаңалықтар

МАҚСАТ – ТҮРКІСТАНДЫ ТӨРТ ҚҰБЫЛАМЕН ТЕҢЕСТІРУ

azatmedia

Ақбастаудан жаңа 300 орынды мектеп соғылады

azatmedia

АЙМАҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

azatmedia