Ақпарат

«САЛАУАТТЫ САНА»: САУРАНДА ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ 5 КЕСЕЛМЕН КҮРЕС ЖАЙЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Сауран аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Құмтүйін» жалпы білім беретін мектебінде «Салауатты сана» жобасы аясында 5 кеселмен күрес жөнінде жоғарғы сынып оқушыларымен жиналыс өтті.
Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманованың баяндауынша, жиынның мақсаты – оқушылардың зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты санасын ояту; бір-біріне деген сыйластық, татулық қарым-қатынастарын арттыру; бос уақытын тиімді пайдаланып, қауіпті әрекеттерден сақтануға шақыру.
Тағылымды басқосуда Қарашық ауылдық округының Аналар кеңесінің мүшесі, зейнеткер ұстаз Мырзахмет Мария, «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сауран аудандық филиалының маманы Абиханова Аида, «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімінің психологы Саодат Раметова, меңгеруші Жексенбаев Олжас 5 кесел яғни нашақорлық, лудомания, ысырапшылдық, құмарпаздық, зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын-алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларға бұл кеселдердің соңы немен аяқталатыны түсіндіріп, ақпараттар берілді. Олар тәрбие құндылықтарымен қатар өзара сыйластықты нығайтуға шақырды.
Мазмұнды жиында оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді пайдалану керектігі айтылды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «SARAP» ЭКСПЕРТТЕР КЛУБЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

azatmedia

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ОРНЫҚТЫРУҒА ҚАРАЙ АРШЫНДЫ ҚАДАМ ЖАСАЙМЫЗ

azatmedia