Ақпарат

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МОНИТОРИНГ ТОБЫ САЙРАМДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының мониторинг тобы жұмыс сапарымен Сайрам ауданында болды.
Сапар аясында ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев және ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жүргізіп отырды.
Мониторинг топ мүшелері алдымен Манкент және Қарабұлақ ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған жиынға ҚХА жанындағы құрылым жетекшілері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Келелі басқосу ашық форматта өтіп, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауды нығайту бойынша алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстар жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, бұл бағыттағы жұмыстарды бірге жандандыру тетіктерін нақтылады.
Сондай-ақ Д.Қонаев атындағы агротехникалық колледжде мониторинг топ мүшелері тұрғындардың жалпы көңіл күйі мен толғандыратын өзекті мәселелерін жеке-жеке тыңдады. Онда аудан тұрғындары этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту бағытында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Сапар шеңберінде Сайрам ауданы әкімдігінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларымен мәжіліс өтті.

Қатысты жаңалықтар

«Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері – Балтабаева Мухтабар

azatmedia

Патерналистік үлгінің ерекшелігі

azatmedia

«AMANAT» партиясы: республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті

azatmedia