Ақпарат Соңғы жаңалықтар

ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН МЫСЫҚТЫ КАСТРАЦИЯЛАУ ОЛАРДАН ТӨНЕТІН ҚАУІПТІ АЗАЙТАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында әлеуметтік желілерде қызу талқыланған қаңғыбас ит пен мысықтарды кастрациялау мәселесіне арналған брифинг өтті.—Қоғамда жануарларға қатыгездік таныту фактілері көбейіп кетуіне байланысты Мемлекет басшысы өз Жолдауында арнайы заң қабылдау туралы тапсырма берген болатын. 2021 жылдың желтоқсан айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Осы заңда көрсетілген талаптарды орындау мақсатында өткен жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 14 түрлі құқықтық-нормативтік актіні қабылдады. Соның бірі министрдің қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру мәселесіне қатысты бұйрығы. Аталған Заң талаптарын орындау мақсатында биыл Шымкент қаласында 139 миллион 500 мың теңге қаржы бөлінді, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Жанбатыров.Басқарма басшысының айтуынша, бұл қаржыға 20 мың қаңғыбас ит пен мысықты аулау жоспарланған. Ауланған жануарлар уақытша ұстау орталығына жеткізіліп, құтыру ауруына қарсы вакцинацияланады. Бұдан кейін жануарлар кастрация мен стерелизацияланады. Сөйтіп, ол 3-10 күн аралығында ветеринар-дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс. Міне, сол үшін Шымкентте бір мезгілде 500 жануарды ұстап тұратын панажай салынбақшы.Бақылау кезінде агрессивті мінез көрсетпеген ит пен мысықтар чиптеліп, тіркеуге алынып, бұрынғы мекен еткен ортасына қайта жіберіледі. Ал, жануардың бойында агрессивтілік байқалса, яғни, ол адамдарға қауіп төндіруі ықтимал болса, онда ізгілікті жолмен жансыздандырылады екен.Мұның бәрі заңда көрсетілген нормалармен бекітілген процедуралар. Және жоғарыда аталған қаржы тек кастрацияға емес, осы іс-шаралардың бәрін атқаруға бөлініп отыр.Басқарма басшысы, қаңғыбас ит-мысықтарды кастрациялау, зарарсыздандыру, есепке алу және чиптеу олардың шамадан тыс көбеюінің алдын алуға және жануарлардан адамдарға жұқпалы аурулардың жұғуын болдырмауға көмекетесетінін атап өтті. Яғни, бюджеттен бөлінген қаржы, ең алдымен, тұрғындардың қауіпсіздігіне бағытталып отыр деуге болады.

«Шымкент келбеті».

Қатысты жаңалықтар

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

МИНИСТР ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

azatmedia

Қажымұқанның құпиялары

azatmedia