Ақпарат

Полиция Түркістан-аренада өткен премьер-лига барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-туры Түркістан қаласында өтуіне байланысты Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимге көшті. Тәртіп сақшылары орталық стадион мен оған шектес аумақта тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.Бірінші кезекте қаламыздың тұрғындарымен қонақтарына кептелістерді болдырмау мақсатында орталық көшелерде жол қозғалысын реттеді. Азаматтарға көліктерін тек арнайы белгіленген орындарға қойып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Ойын тамашалауға келген тұрғындарға ұсақ бұзақылыққа жол бермеуді, нөлдік төзімділік қағидатын ұстануды ескертті.Айта кетсек, Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» командасы «Түркістан арена» стадионында Қарағандының «Шахтер» футболшыларын қабылдады. 7 мың жанкүйер жиналып, стадион толық толды. Тартысты бәсекеде «Тұран» командасы қарағандылық қарсыластарын толассыз шабуылдармен қарсы алып, ойын соңын жеңіспен аяқтады.

Қатысты жаңалықтар

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

Жақсы ер мына нәрселерді жасамау керек

azatmedia