Кез-келген елдің мәдениетінің ең бастысы – кітапхана. Ол оқырман үшін үлкен өмір мектебі, рухани ошақ. Бүгінде қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылардың еңбегі қашанда зор құрметке ие. Осы орайда еңбек адамы айдарындағы келесі кейіпкеріміз абыройлы мамандық иесі кітапханашы Аташова Диларам Юнусовна.Диларам Юнусовна 1966 жылы 13 желтоқсанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында дүниеге келген.Бүгінде 37 жыл еңбек өтілі бар Диларам Юнусовна Сайрам ауданындағы Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы болып қызмет атқарып келеді. Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Өз кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Диларам Юнусовна қызмет барысында өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін жұмылдыра отырып, жүктелген қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Ұжым арасында сыйлы. Өйткені ол өз ісінің шебері, әмбебап маман.Осы салада жемісті еңбек етіп келген жылдары кейіпкеріміздің еңбек жолында жеткен жетістіктері жетерлік. 2022 жылы «Құрметті кітапханашы» медалінің иегері атанса, әр жылдары түрлі деңгейдегі облыстық, аудандық Алғыс хаттармен марапатталған.Бүгінде екі ұл, бір қыз, алты немере тәрбиелеп отырған ардақты ана, асыл әже, аяулы жар.
Алдынғы жаңалық